Бес асықтан қалалық жарыс

Бес асықтан қалалық жарыс

Бес асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Салмақ дәрежесіне де, спортшының бойына да қарамайтын спорт түрі. Ойын баланың жүйке жүйесін қатайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады, дәлдікке үйретеді. Бнс асықты командада да, жалғыз да ойнай алады. 13 және 14 наурызда Бес асықтан мектеп лигасының жарысы өтті. Біздің лицейдің 5-11 сынып оқушылары үздік атағы үшін күресті. Жарыс қорытындысы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында “Дарын” мектеп-лицейінің командасы екінші орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!