«Әнұран айту» челленджі

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында біздің лицейде патриотизм мен елге құрмет көрсетудің бір тәсілі ретінде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау бойынша челлендж өтті. Челлендждің мақсаты-ұлттық бірлікті атап көрсету, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықты Қазақстанның мәдениеті мен рәміздерімен таныстыру. Әнұранды орындау патриоттық тәрбие мен ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңызды бөлігі болып саналады, бұл тек патриотизмнің көрінісі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мүмкіндігі.

#біртұтас_тәрбие