Меню KDT

Хабарлар

«Балалар жылы»: Кемелді келешек білімді ұрпақ қолында

 

Сапалы білім мен тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы.   Қай кезде де  болмасын мемлекет ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөліп келеді.  Оның бір үлкен айғағы, ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталуы.

Балалар – біздің болашағымыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шақ – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – деп зор сенімділігін білдірді.

Кей деректерге сүйенсек, елімізде 6 миллионнан астам бала бар екен, 1300-ден астамы біздің өңірдегі «Дарын» мектеп-лицейінің оқушылары.  Біздің оқу ордамыздан да  талай шәкірттер білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қанат қағып жатыр. Биылғы жыл да  қоғамның маңызды бөлшегі жас ұрпақты қорғап, қолдауға арналмақ. Мектеп қабырғасында түрлі білім бәйгелері, спорттық шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық өмірге белсене араласуда.

Өз басым, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жыл басынан бері шәкірттерімді қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі  олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен түрлі конкурстарға қатыстырып келемін.  Талапты, талантты, білімді, шығармашыл балалар мектебімізде баршылық. Олар  жүлделі орындарға қол жеткізіп, ұстаз мерейін өсіруде. Атап айтатын болсам: "Зерде" Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауының қалалық кезеңінің жүлдегері - Штейнер Артур; 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңінің жүлдегерлері  - Киричекно Ева мен Лынова Дарья; Академик М.Қозыбаевтың 90 жылдығына орай Республикалық «Зерде» жобалар байқауының қатысушысы Штейнер Артур СҚУ Грамотасымен марапатталды; М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» аймақтық эссе байқауының жеңімпазы - Кожагулова Анелия; Республикалық жалпыбілімдік пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы - Налимов Кирилл; М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытуы қазақ тілінде емес мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен қашықтықтан өткізілген олимпиада жүлдегері -  Оспанова Жанна; «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары: Никишин Андрей, Кох Регина, Коваль Диана, Налимов Кирилл, Купчин Артем; республикалық “Мағжан оқулары” байқауының жүлдегері Малежикова Ангелина есімдерін ерекше мақтанышпен айта аламыз. Ұлтжанды, отансүйгіш, білімді ұрпақтар қатары толығып келе жатқандығы бізді қуантады.

Республикалық «Абай оқулары» конкурсының, «Кітаппен дос болайық» облыстық байқауының, «Зерде» жобалар байқауының жүлдегері  Штейнер Артурдың жетістіктерін айрықша бағаламау мүмкін емес. Алғыр, озық ойлы, белсенді  Артурдың ұлты неміс болғанымен, қазақ тіліне өте жақын. Өз тілінен артық болмаса кем жақсы көрмейді. Қазақ тілінде таза, анық сөйлейді. Барлық оқушылар әр түрлі деңгейдегі шаралардан қалмай, үнемі қатысуға асығады. 



Дарынды балалармен жұмыс жасау – уақыт талабына айналғандықтан, жыл көлемінде біздің ұжым осылайша балалардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында тиісті іс-шараларды қолға алып, мемлекет басшысы бастап берген жоба аясында талай жұмыстарды атқарып келеді. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын балалардың болашағы жарқын болсын деген адал ниетім бар. 

Марьяш Қапарқызы Құлмақанова,

«Дарын» мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі





Просмотров: 48

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда947
  • Осы аптада247
  • Кеше57
  • Бүгін63
  • Желіде:0

Полезные ссылки