Балаларды өз сезімдері мен басқа адамдардың сезімдерін түсінуге қалай үйретуге болады?

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы – «Балаларды өз сезімдері мен басқа адамдардың сезімдерін түсінуге қалай үйретуге болады?», «Балалардың сыртқы зиянды ықпалдарға төзімділігі», «Ата-аналардың эмоционалды таусылуы: оны қалай алдын алу және жеңу?»

Ақпан айында, АПҚО аясында сынып жетекшілері 1-4 сыныптарда «Балаларды өз сезімдері мен басқа адамдардың сезімдерін түсінуге қалай үйретуге болады?» тақырыбында, орта буында – «Балалардың сыртқы зиянды ықпалдарға төзімділігі» тақырыбында, 10-11 сыныптарда – «Ата-аналардың эмоционалды таусылуы: оны қалай алдын алу және жеңу?» тақырыбында сабақтар өткізді. Сабақтар барысында сенімді қарым-қатынас жасау принциптері мен факторлары, өз сезімдерін және басқалардың сезімдерін білдіру мен түсіну жолдары қарастырылып, ата-аналарға баланы қақтығыстарды шешуге үйрету, эмпатия мен тиімді коммуникация дағдыларын дамыту бойынша кеңестер берілді. Орта буын ата-аналарымен экстремистік идеологиялармен байланысты қауіптер мен қатерлер, балалардың санасы мен мінез-құлқын дерадикализациялау тәсілдері, отбасы мен мектептің профилактикалық іс-әрекеттері, ашық қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекетке қатысуды ынталандыру мәселелері талқыланды. 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына эмоционалды таусылудың белгілерін қалай анықтауға болатындығы және жақын арада эмоционалды таусылудың алдын алу мен оны жеңу әдістері туралы кеңестер берілді.

#біртұтас_тәрбие