13-17 мамыр аралығында біздің лицейде 2023-2024 оқу жылында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қорытынды сабақтары өтті. Сабақтар 1-4 сыныптарда “Тәлімменен өрілген біздің дәстүріміз – Отбасылық игіліктің негізі ретіндегі дәстүр” тақырыбына, 5-9 сыныптарда “Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына – бақыттың негізі ретіндегі құндылықтар” тақырыбына және 10-11 сыныптарда “Атадан өсиет, анадан қасиет – отбасының дәстүрлері мен құндылықтары: ұрпақтан – ұрпаққа” тақырыбына арналды.
Бастауыш сыныптағы сабақтарда отбасының бірлігіне ықпал ететін, отбасылық қатынастарды нығайту үшін отбасылық дәстүрлердің өзектілігі, сүйіспеншілік пен сенімді қарым-қатынас, отбасылық дәстүрлерді құру негіздерін оқытудың практикалық әдістері, отбасылық дәстүрлер мен хобби мәселелері қарастырылды. Орта буында сабақ тақырыптары баланың отбасында құндылықтарды қалыптастыруға немесе сақтауға, отбасының құндылық негізі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлерді талқылауға және қолдануға, жасөспірімдерде ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерінде мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының маңыздылығына арналды. Жоғары сыныптарда қазіргі жас ұрпақтың даму мәселелері, оларды отбасылық тәрбиеде ескеру қажеттігі, қазіргі өзгермелі қоғамда өмір сүру жағдайында отбасы дәстүрлерін сақтау, халық дәстүрлері мен отбасы дәстүрлерінің өзара байланысы, білім, құндылықтары, көзқарастар мен дәстүрлерді аға ұрпақтан кіші ұрпаққа беру ретінде ұрпақтар сабақтастығы қарастырылды.