Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Осы оқу жылынан бастап біздің лицейде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылды, оның жұмысы балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ата-аналармен өткізілетін сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалардың әл-ауқатының теориялық негіздеріне негізделеді, олардың дамуының жас ерекшеліктерін ескереді. Қазан айында сынып жетекшілер, педагог-психологтар “Отбасы – бақыт бесігі – Ата – ананың өмірі жобасы – бақытты адам”, “Баланның бас ұстазы-ата – ана-позитивті ата-ана: тыңдау, есту, тыңдаулы болу”, “Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…-Адамгершілік құндылықтарға негізделген өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде” тақырыптары бойынша сабақтар өткізді. Сабақтарда отбасында қолайлы жағдай құру, сенімді қарым-қатынастардың маңыздылығы, отбасылық тәрбие әдістері, позитивті ата-ана болу принциптері мен ережелері, өзін-өзі тәрбиелеу әдістері талқыланды. Сабақтар онлайн және офлайн форматта өткізілді.