Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – «Баланың қауіпсіздігі»

– «Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау», «Ережені білсем, интернет – менің досым»

Қараша айында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында «Баланың қауіпсіздігі» модулі бойынша «Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау» және «Интернет – ережені білсем, менің досым» тақырыптарында ата-аналармен және оқушылармен тренинг сабақтары өткізілді.

Балалармен өткізілген жұмыстың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, интернеттің ықтимал қауіптерімен таныстыру, желіде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту, онлайн ортада сыйластық танытуға, мейірімділікке және цифрлық әдепке баулу.

Ата-аналармен жұмыс барысында онлайн ортадағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық қаупі туралы ақпараттандыру, балаларды кибербуллингтен қорғау дағдыларын қалыптастыру, баланың онлайн қарым-қатынасындағы күмәнді белгілерді байқап, дұрыс әрекет ету, интернеттегі қауіптер туралы баламен сенімді диалог құра білу мәселелеріне баса назар аударылды.

#Adal_azamat