8-12 сәуір аралығында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабақтары өтті. Сабақтар 1-4 сыныптарда «Әкенікөріпұлөсер, шешенікөріпқызөсер –
Воспитание личным примером», 5-9 сыныптарда «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары – Особенности взаимоотношений подростков» және 10-11 сыныптарда «Сүйіспеншілік – сыйластық кілті – Любовь – ключ к взаимопониманию» сияқты тақырыптарға арналды. Сабақта ересектер мен балаларды отбасында бірге өткізудің пайдасы, ата-ананың мінез-құлқының сапасы, күнделікті өмірдің маңызды мәселелер көтерілді. Орта буында сабақтардың мазмұны ата-аналық мінез-құлық стратегиялары, қазіргі балалардың достық стильдері, жасөспірімдер субмәдениеттері, жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың себептері, қорқыту тақырыбы мәселелеріне негізделген. Жоғары сыныптарда жоғары сынып оқушысымен нәзік тақырыптарда қалай сөйлесу керек, эмоционалды манипуляция дегеніміз не, отбасындағы баланы жан-жақты қолдаудың маңыздылығы туралы тақырыптар қарастырылды.