ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Дарын» мектеп-лицейі» КММ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-тармағын орындау мақсатында (2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 өзгерістермен) мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2-тарауының 10-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
- * осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері – әр сынып параллелінен бір ата-ана немесе өзге де заңды өкілден, 11 адамнан аспайды;
- * педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болған жағдайда) – 1 адам;
- * жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1–3 адам;
- * үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1–2 адам;
- * қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болған жағдайда) – 1–2 адам;
- * бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болған жағдайда) – 1 адам;
- * білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1–2 адам кіреді.
Қағидалардың 9-тармағына сәйкес кандидаттар Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамына ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
- еркін нысандағы өтініш;
- кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби және/немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Ұсыныстар қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 15 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін.
Қамқоршылық кеңесті қалыптастыруға қатысу үшін кандидаттар «Дарын» мектеп-лицейі» КММ-не жүгініп, Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынуы қажет.
Байланыс телефоны:
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары
Байкадамов Дамир Вадимович
+7 707 157 18 62


