Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – «Бала қауіпсіздігі» модулі – «Жасөспірімнің цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» және «Желідегі қауіптер: қорғану ережелері»

Мамыр айында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы және Халықаралық отбасы күні аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған «Бала қауіпсіздігі» модулі бойынша «Жасөспірімнің цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» және «Желідегі қауіптер: қорғану ережелері» тақырыптарында тренинг сабақтары өткізілді. Ата-аналармен өткізілген сабақтардың мақсаты – ата-аналардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттіліктерін дамыту, жасөспірімдерді онлайн ортада тиімді қолдау және қорғау дағдыларын қалыптастыру; цифрлық ортаның негізгі қауіптері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру; онлайн зорлық-зомбылық белгілерін тануға үйрету; жасөспірімдердің дербестікке ұмтылысын, мойындалуға деген қажеттілігін және әсіресе жасөспірім қыздардың өзін-өзі бағалауы мен эмоциялық сезімталдығына байланысты ерекшеліктерін ескере отырып, қорғау стратегияларын қалыптастыру; ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетін тиімді коммуникация дағдыларын дамыту болды.

#Adal_azamat