Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – «Ішкі күш» және «Баланың қауіпсіздігі» тақырыптарындағы сабақтар: «Өзіне-өзі көмек көрсету және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту», «Шекаралар және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады» және «Жеке шекаралар мен зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін».
Сәуір айында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған «Ішкі күш» және «Баланың қауіпсіздігі» модульдері бойынша «Өзіне-өзі көмек көрсету және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту», «Шекаралар және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады» және «Жеке шекаралар мен зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» тақырыптарында тренинг сабақтары өткізілді. Балалармен өткізілген сабақтардың мақсаты – балалардың өзін-өзі қорғау дағдыларын, сенімді мінез-құлықты және көмек сұрай білу қабілетін дамыту; ата-аналарда жасөспірім кезеңінде жеке шекаралар мен психологиялық қолдаудың маңызы туралы түсінік қалыптастыру; сенімді қарым-қатынасты және жасөспірімнің эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін конструктивті өзара әрекет дағдыларын дамыту; сондай-ақ ата-аналардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттерін жетілдіру, бұл олардың жасөспірімдерді онлайн-ортада тиімді қолдап, қорғауына мүмкіндік береді.
#Adal_azamat






