Ақпан айында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған «Ішкі күш» модулі бойынша «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» тақырыбында тренинг сабақтары өткізілді.
Балалармен өткізілген сабақтардың мақсаты – олардың өз күшін және жеке ресурстарын сезінуіне көмектесу, өміріндегі маңызды сәттер мен қолдауды түсіну және бағалау қабілетін дамыту. Ата-аналарға арналған жұмыстардың мақсаты – баланың қауіпсіз әрі тұрақты ортада дамуына жағдай жасаудағы өз рөлін саналы түрде түсінуге қолдау көрсету.
#Adal_azamat







