Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – «Баланың қауіпсіздігі» сабақтары

Қаңтар айында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған «Баланың қауіпсіздігі» модулі бойынша тренингтік сабақтар өткізілді. Атап айтқанда, «Сенім мен жеке кеңістікті құрметтеу арқылы жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау» және «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: өз шекараңды біл, өзіңді қорғай біл» тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылды. Балалармен өткізілген сабақтардың мақсаты – жасөспірімдерде зорлық-зомбылық мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, жеке шекараның маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде оны қорғау дағдыларын дамыту. Ал ата-аналар үшін – жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғауға жағдай жасау, қорғану ережелерін меңгерту, сондай-ақ отбасында сенім мен жеке кеңістікті қабылдауға негізделген қарым-қатынас қалыптастыру болды.

#Adal_azamat