Желтоқсан айында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында «Ішкі күш» модулінің «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» тақырыбы бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингтік сабақтар өткізілді.
Балалармен өткізілген сабақтардың мақсаты – балаларға өз эмоцияларын түсінуге көмектесу, сезімдерін қауіпсіз түрде білдіру дағдыларын қалыптастыру, өз күшін және ішкі ресурстарын сезіну, өмірдегі қолдау мен маңызды сәттерді түсініп, бағалай білу қабілетін дамыту.
Ал ата-аналар үшін – өз эмоцияларын және олардың балаға тигізетін әсерін түсінуге көмек көрсету.
#Adal_azamat







