11 «А» сыныбында кәсіби бағдар жұмысы аясында «Жұмысшы мамандықтарының беделі: оларды таңдауға дайынбыз ба?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделін арттыру, олардың «беделсіз» деген қалыптасқан стереотиптерін жою, бұл салалардағы нақты кәсіби және қаржылық өсу мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу болды. Іс-шара барысында оқушылар жұмысшы мамандықтарының төмен бағалануының себептерін, осы салалардағы даму мүмкіндіктерін және бүгінгі таңда сұранысқа ие дағдыларды талқылады. Оқушылар белсенді жұмысқа қатысып, пікірталасқа қосылды, өз ойларымен бөлісті, жағдайлық тапсырмаларды талдады.



