Бүгін мектебімізде ерекше қуанышты оқиға өтті — оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау рәсімі ұйымдастырылды!
Бұл — оқушылар үшін маңызды күн, өйткені бұл ұйымға мүше болу – еліміздің белсенді, жауапты және патриот азаматтары болуға деген ұмтылысты білдіреді.
Оқушылар салтанатты ант сөздерін айтып, Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге, жақсы оқуға және қатарластарына үлгі болуға уәде берді.
Жаңа қабылданған «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн игі істердің, білім жолындағы табыстардың және белсенді өмірлік ұстанымның бастамасы болсын!
#Adal_azamat
#ЖасҚыран #ЖасҰлан

