2025–2026 оқу жылында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы аясында отбасыларға терең әрі нақты бағытталған қолдау көрсетуді көздейтін жаңа тәсілді енгізу жоспарланып отыр. Алдыңғы жылдардағы табысты тәжірибе жалғасы ретінде отбасылардың ішкі ресурстарын дамытуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған үш дербес модуль әзірленді. Бұл тәсіл «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасының мақсаттарымен толық сәйкес келеді.
Осылайша, 2025–2026 оқу жылындағы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметі бұған дейінгі табысты тәжірибелерді жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар отбасылармен нақты жұмыс жасау, ата-аналардың тәрбие беру құзыреттілігін арттыру және баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру арқылы Бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруды күшейтеді.
Қыркүйек айында «Бала қауіпсіздігі» модулі аясында «Тұлғалық қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ата-аналар мен оқушылармен сабақтар өткізілді. Ата-аналармен өткізілген сабақтардың мақсаты – баланың тұлғалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындықты қалыптастыру, оның жеке шекараларын сақтау, зорлық-зомбылықтың белгілерін уақытында тану және алаңдататын белгілерге лайықты жауап беру дағдыларын дамыту болды. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтардың мақсаты – жеке шекаралар мен зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінік қалыптастыру, зорлық әрекеттерін тану және қауіп төндіретін немесе қолайсыз жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға үйрету.
#Adal_azamat


