«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» – «Кибербуллинг, киберқылмыстар және дроппинг: қазіргі жасөспірімдерге төнетін қауіп-қатерлер» тақырыбындағы профилактикалық іс-шара

Бүгінгі таңда жасөспірімдер мектептегі немесе қарым-қатынастағы қиындықтардан бөлек, интернеттегі жаңа қауіптерге де тап болуда. Кибербуллинг, киберқылмыстар және дроппинг – бұл жай ғана сөздер емес, әр адамның өмірі мен болашағына әсер етуі мүмкін нақты қауіптер. 7 және 8-сынып оқушылары үшін маңызды дәріспен Петропавл қаласы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция подполковнигі Кузнецова Елена Александровна сөз сөйледі. Ол балаларға кибербуллинг деген не екенін және оның құрбанына айналмау жолдарын түсіндірді, интернеттегі бейтаныс адамдарға сенудің қауіптілігі жайында айтты; дроппингтің ықпалына түспеу жолдарын және ең бастысы – көмек қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін жеткізді.

#Adal_azamat