Сәуір айында АПҚКО (Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы) жұмысы аясында сынып жетекшілері осы оқу жылындағы қорытынды сабақтарды өткізді. 1-4 сыныптарда – «Бақытты аналықтың құпиялары», орта буында – «Әкелік – баланың бақытының қайнары», 10-11 сыныптарда – «Болашаққа көзқарас: балаға өз әлеуетін ашуға қалай көмектесу керек» тақырыптары қарастырылды.
Сабақтарда қазіргі аналықтың ерекшеліктері, ана рөлінің отбасындағы орны мен кәсіби қызметі, тиімді ана болудың дағдылары, қазіргі әкенің құндылықтары, оның жеке қасиеттері, баланың тәрбиесі мен білім алуына әкенің белсенді араласуының маңыздылығы, баланың табысты өмірге қажетті мықты қасиеттерін қалыптастырудағы әкенің ықпалы, жоғары сынып оқушыларын түсіну, оларға мамандық таңдауда көмек көрсету және табысты өмірге қажетті әмбебап дағдыларды дамыту жолдары талқыланды.
#біртұтас_тәрбие




