Осы аптада мектебімізде экология тақырыбына арналған сынып сағаттары өтті. Оқушылар экология деген не және оның әр адамға қандай қатысы бар екенін, қоршаған ортаны сақтаудың, табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың және әркімнің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын талқылады. Қарапайым адам табиғатқа қалай көмектесе алатыны, қоқыс пен пластик қалдықтарының әсері, сұрыптау ережелері мен заттарды қайта қолдану жолдары туралы әңгімелесті. Балалар қызығушылықпен өз ойларымен бөлісіп, табиғатты қорғау тақырыбындағы мини-ойындар мен викториналарға қатысты. Көпшілігі қарапайым, бірақ маңызды әдеттер туралы ойлана бастады: қоқысты тастамау, суды және электр энергиясын үнемдеу, саябақта гүлдерді жұлмау. Біздің планетамыздың болашағы — саналы ұрпақтың қолында!
#біртұтас_тәрбие




