«Буллингтен қорған» – «ДосболLIKE»

Осы аптада мектебімізде мектеп ортасындағы буллингтің алдын алуға арналған маңызды да қажет тәрбие сағаттары өтті. Бастауыш сыныптарда — «Жақсы, мен осындаймын!» тақырыбында, орта және жоғары буында — «Өз және өзгенің шекарасы», «Өзіңе және өзгелерге жауапкершілік» тақырыптарында өтті. Оқушылар буллинг деген не, оны қалай тануға болады және ең бастысы — қалай соған қатысушы болып қалмаудың жолдары туралы ой бөлісті. Шынайы жағдайларды талдап, бірге шешу жолдарын іздеді. «Маңыздысы — үндемей қалмау және бейжай қарамау» — бәрінің жасаған басты қорытындысы осы болды. Қолдау мен сенімге толы ерекше атмосфера — дәл осындай ортада біз өз мектебіміздің ұжымын қалыптастырамыз! Әр оқушыға жайлы әрі қауіпсіз мектепті бірге құрайық!

#біртұтас_тәрбие