Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында 7 және 8-сыныптар арасында «Біз – бір команда!» атты тақырыптық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – сынып ұжымдарын біріктіру, оқуға және жан-жақты дамуға қолайлы атмосфера қалыптастыру.
Қатысушылар түрлі жаттығулар мен ойындарға белсене қатысып, командада жұмыс істеуді, тиімді қарым-қатынас орнатуды және бір-бірін түсінуді үйренді. Әсіресе ортақ іске жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру мен эмпатияны дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл – тату, бірін-бірі қолдайтын мектеп қауымдастығын құру жолындағы маңызды қадам.
«Біз – бір команда!» тренингі тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынасты нығайту және әрбір қатысушының жеке әлеуетін дамыту үшін тамаша алаңға айналды.
#біртұтас_тәрбие

