Бүгін, 11 ақпан күні, «Дарын» мектеп-лицейі» КММ-де өзекті тақырыпқа арналған жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті – «Кибербуллинг. Әкімшілік жауапкершілік».
Бұл кездесу ата-аналардың интернет арқылы қарым-қатынас жасаудағы қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру және желідегі қорлау әрекеттерінің құқықтық салдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиналыста құқық қорғау органдарының өкілі, полиция лейтенанты Р.Е.Маликова сөз сөйлеп, кибербуллинг үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Ол кибербуллингті қалай тануға болатынын және баланың оның салдарынан арылуына қалай көмектесу керектігін түсіндірді.
Мектептің әлеуметтік педагогы Л.Н.Игнатьева ата-аналарға қандай әрекеттер кибербуллингке жататынын, балаларды қорғау үшін қандай шаралар қабылдауға болатынын және желідегі қорлау жағдайларына қалай дұрыс әрекет ету керектігін айтып берді.
Ерекше назар жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының құқықтық жауапкершілігіне аударылды. Оларға балағат сөздер жазу, жалған ақпарат тарату, қорқыту және басқа да онлайн-қудалау түрлері үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Петропавл қалалық білім бөлімінің өкілі Ж.С.Ескакова ата-аналарға балаға жеке кеңістік беріп, оның интернеттегі белсенділігін қалай бақылауға болатыны, егер бала кибербуллингке тап болса, қайда жүгіну керектігі, интернеттегі қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалай қалыптастыру керектігі және баланы гаджеттерден алшақтатудың тиімді жолдары туралы практикалық кеңестер берді.
Жиналыс мектеп директоры Е.З.Мәкен жетекшілік еткен ашық пікірталаспен аяқталды. Ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз уайымдарымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Мектеп әкімшілігі барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және балалардың интернеттегі қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін еске салады!
#біртұтас_тәрбие