«Заң және тәртіп» – «Цифрлық гигиена»

Бүгін лицейіміздің 5-7 сынып оқушыларымен қаржылық қауіпсіздік тақырыбында «Цифрлық гигиена» атты әңгіме өткізілді. Әңгіме Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеу қызметінің капитаны Алтынай Сергазиевна Шаимованың қатысуымен өтті. Оқушыларға «цифрлық гигиена», «кибербуллинг», «қолайсыз контент», «жеке деректер», «фишинг» терминдерінің мағынасы түсіндіріліп, күрделі және сенімді парольдер жасау, әлеуметтік желілерде құпиялылық баптауларын орнату, цифрлық қорғаныс құралдарын қолдану қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Өткізілген әңгіменің жалпы тәрбиелік мақсаты – цифрлық ортада өз әрекеттері үшін жауапты болу, интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, ақпараттың шынайылығын сыни тұрғыда бағалай білу арқылы цифрлық қауіп-қатерлердің алдын алу.

#біртұтас_тәрбие