Кәсіптік бағдар беру жұмысы – «Мамандықтар әлеміне саяхат!»

     5-6 сыныптарда «Мамандықтар әлеміне саяхат!» атты ойын өткізілді.

5-сыныптарда ойын викторина түрінде ұйымдастырылып, оқушылар мамандықтардың күрделілігі мен жіктелуіне байланысты сұрақтарға жауап берді. Ойын барысында барлық балалар белсенді түрде қатысты.

6-сыныптарда сабақ ойын элементтерімен өтті: оқушылар мамандықтарды болжады, топпен жұмыс істеп, коллаж жасап, оны қорғады. Балалар алыс өткен шаққа және болашаққа саяхат жасады.

Оқушылардың назарына мүлдем жоғалып кеткен немесе жойылу алдында тұрған мамандықтар, ХХ ғасыр және болашақ мамандықтары ұсынылды. Балалар қызығушылықпен материалдарды талқылап, зерттеп, бір-біріне өз жұмыстарын ұсынды. Осылайша, балалар мамандықтардың алуан түрлілігі туралы білімдерін толықтырды.