Қысқы демалыс – балалар үшін демалыс пен ойын-сауыққа толы уақыт, бірақ бұл кезеңде олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару маңызды. Қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізу және «Жеке қауіпсіздік» сабақтары барысында балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын, әсіресе жолдан өту және шана немесе шаңғымен сырғанау кезінде, қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін, сондай-ақ әлеуметтік желілерде, мұз қалашықтарда, сырғанақтар мен мұз айдындарында қауіпсіздік шараларын еске түсірді. Қауіпті жағдайларды қалай тануға болатыны және көмек сұрау үшін кімге жүгіну керектігі, жедел әрекет ету қызметтерінің телефон нөмірлері туралы ақпарат берілді. Қысқы демалысты қауіпсіз әрі көңілді өткізу үшін ата-аналар қажетті сақтық шараларын қабылдап, балалардың демалыс уақытында жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға көмектесуі керек.
#біртұтас_тәрбие