Мектеп оқушылары арасында жеке қауіпсіздік мәселесі өте өзекті, өйткені балалар сыртқы қауіп-қатерден жиі қорғалмаған болуы мүмкін. Сондықтан біздің лицейде әрбір сабақта тәрбиелік бағыттағы арнайы кезеңдер өткізіледі, онда жеке қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, сондай-ақ балалардың өздері де кіші жастағы балаға немесе егде адамдарға қандай да бір көмек көрсете алуына мән беріледі.
Бұл сабақтар оқушыларға қауіп-қатерлерді анықтап, олардан аулақ болуға үйретеді. Қазіргі заманда, қауіп-қатер жол қозғалысынан бастап кибералаяқтыққа дейін кез келген жерде болуы мүмкін, қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын білу өмірлік қажеттілікке айналуда.
#біртұтас_тәрбие