2024-2025 оқу жылында біздің лицейде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастырады. Қыркүйек айында АПҚО жұмысы аясында сынып жетекшілері 1-4 сыныптарда “Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының негізі”, орта буында – “Жасөспірімдердегі ұйқы: оқуға және мінез – құлыққа әсері”, 10 және 11 сыныптарда – “Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы” тақырыптары бойынша сабақтар өткізді. Сабақтарда баланың жеке басының дамуы үшін ұйқының маңыздылығы, әсіресе когнитивті және эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, ұйқының қандай бұзылыстары дәрігерге қаралуға себеп болуы мүмкін, сау ұйқының оң әдеттерін қалай дамыту керек деген сұрақтар қарастырылды.
#біртұтас_тәрбие