«Тіл – ұлттың жаны»

2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Дарын» мектеп-лицейі» КММ-де 6-сынып оқушылары арасында жалпы сауаттылық күні ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып Қазақстан халқы тілдері күні мен Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында  диктант жазды.

Диктанттың мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.