11 наурыз күні, Наурыз мерекесіне орайластырылған қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі басталды. Онкүндік С.Е. Кокимбаеваның 9 “А” сыныбымен өткізген “Мағжан Жұмабаев-бес арыстың бірі” тақырыбындағы ашық сабағынан басталды. Сабақ барысында оқушылар әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасап, ақынның өмір жолы мен еңбектерін терең түсінуге тырысты. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды, топпен жұмыс жасалды.
Мектеп фойесінде ақпараттық-танымдық стенд рәсімделді. 1-4 сынып оқушылары арасында “Қош келдің, әз-Наурыз!” тақырыбында қолөнер мен суреттердің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.