“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ”

“Біртұтас тәрбие” тұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде қараша айында лицейде қазақстандық имиджді қалыптастыруға, ұлттық мұраға ұқыпты қарауға, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілетуге, кәсіби өзін-өзі анықтауға, ақпараттық сауаттылық пен танымдық белсенділікке бағытталған сыныптық сағаттар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.”Әлемді бағындырған жерлесіміз”, “Ұлттық валюта – Теңге тарихы”, “20 қараша Дүниежүзілік бала құқықтары күні”, “Кәсіпкер-кәсіп пе, мамандық па?”, “Бизнестегі жасанды интеллект”, “Тиімділік Инноваторы” атты тақырыптық сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс – шаралар өткізілді . Қараша поэзияға арналды. “Оқу мектебі” жобасы аясында ” Ал сен қалай оқисың?” әдебиеттік эстафета, “Оқитын ата-ана-оқитын бала” және “Балалық шақтан мұраға кітап” ата-аналардың сауаттылық сағаттары өтті.