Оқу жылының аяқталуы қарсаңында 3В сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар алдында “Сенімен Болашақ” ата-аналар қауымдастығының облыстық қоғамдық бірлестігінің басшысы Мухаметжанов Жанат Кабдурахимович сөз сөйлеп, бірлестіктің жұмысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыруға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ, жиынға БСӘАТО тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Балкенова Жазира Алтаевна қатысты, ол отбасылық құндылықтар, рухани бірлікке қол жеткізу, ата-ананың баламен адамгершілік байланысы туралы айтты. Жиналыста буллинг мәселесі көтерілді, оны болдырмау үшін баламен сөйлесу, уақыт бөлу, оның мәселелеріне қызығушылық таныту және қолдау қажет деген кеңестер берілді.
- Негізгі
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
- Мемлекеттік қызметтер
- Директор блогы
- Әдістемелік жұмыс
- Жетістіктер
- Педагогтерді аттестаттау
- Тәрбие жұмысы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс
- Бос жұмыс орындары
- Мектептегі тамақтану
- Ата-аналарға арналған
- Түлекке
- Қамқоршылар Кеңесі
- Психолог блогы
- Кітапхана
- Адал Ұрпақ
- Мектеп бюджеті
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Байланыстар
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы