10 қыркүйек күні біздің алтыншы сынып оқушылары бірыңғай экологиялық диктант «Таза Қазақстан» шарасына қатысты. Бұл балалар үшін қазақ және орыс тілдері бойынша білімдерін тексеру ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік оның тазалығы мен табиғатына қамқорлықтан басталатынын еске салатын маңызды шара болды. Әрқайсымыздың қоршаған ортаны сақтауға қалай үлес қоса алатынымыз туралы тағы бір мәрте ойландық. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ бойында жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.
#Adal_azamat
