Бүгін біздің лицейде 2025 жылғы түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты Соңғы қоңырау мерекесі өтті — бұл мектеппен, ұстаздармен, ата-аналармен қоштасу мен алғыс айту сәттері. Мектеп вальсі әуенімен түлектер өз естеліктерімен бөлісіп, жүрек тебірентер өлеңдер оқып, әндер шырқап, ұстаздарынан, алғашқы мұғалімдерінен, мектеп әкімшілігінен және ата-аналарынан ізгі тілектер мен ақ баталарын қабылдады. Бұл сәттер — әр оқушының жүрегінде маңызды өмірлік кезеңнің аяқталып, жаңа жолдың басталғанының символы ретінде мәңгі сақталады. Сондай-ақ, бүгін барлық сыныптарда «Білімім — Отаныма» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар білімнің әр адамның өміріндегі маңызы мен ел болашағы үшін атқаратын рөлі туралы ой бөлісіп, арман-мақсаттары жайлы айтып, елге пайдалы болуға, білім алып, тұлға ретінде дамуға ұмтылатындарын білдірді. Бұл іс-шаралар — оқу жылының жарқын қорытындысы болды. Олар оқушылардың бойына біліммен қатар, мектепке, отбасына және Отанға деген сүйіспеншілікті дарытты.
#МектебімСағанМыңАлғыс #БілімімОтаныма #ПоследнийЗвонок2025 #ШколаЛицейДарын #БіртұтасТәрбие


