Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – «Жеңіске жол» акциясы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Жеңіске жол» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылармен бірге тарихи маңызға ие тәрбие сағаттары мен тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтар Ұлы Отан соғысының тарихи контексіне арналды.

«Жеңіске жол» — бұл ерлік пен рухтың, бірліктің жолы. Бұл — болашақ ұрпақ үшін бейбітшілікті қорғаған миллиондаған қазақстандықтардың тарихы. Біз оларды мақтан тұтамыз, есімізде сақтаймыз және осы мәңгілік естелікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.

#ЖеңіскеБірге