Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр — бүкіл Қазақстан Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді — бұл бейбітшілік пен достықтың, өзара түсіністіктің мерекесі! Бұл — ерекше күн, өйткені біз мәдениетіміздің байлығын, дәстүрлерімізді және ұлтына қарамастан әр адамға деген құрметімізді дәріптейміз. Мереке қарсаңында біздің лицейде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды: Кітапханада «Қазақстан – бақытты өмір белгісі» атты кітап көрмесі, мектептің фойесінде бастауыш сынып оқушыларының сурет көрмесі «Бейбіт ел – бақытты бала» және «Қазақстан халықтарының қуыршақтары» атты халық шығармашылығы көрмесі, «Ынтымақ – достық кепілі» атты спорттық эстафеталар, «Бірлік пен келісім» атты сынып сағаттары, «Достық шаңырағы астында» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Орта буын оқушылары «1 Мамыр – Бірлік пен Жасампаздық мерекесі» тақырыбында эссе жазуға қатысты. Бұл күн бізге бейбітшілік, татулық пен еліміздің бірегей мәдени мозаикасын сақтау маңыздылығын еске салсын! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бақыт, ізгілік пен үйлесім тілейміз!

#БірлікКүні #Қазақстан #1Мамыр #БейбітшілікЖәнеДостық #ХалықБірлігі