Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80‑жылдығын тойлау аясында біздің лицейде Қазақстандықтарға, Ұлы Отан Соғысының Батыры атағына ие болған жауынгерлерге арналған «Олардың есімін ұмытпаймыз» атты ерлік сабағы өтті. Сабақ 6637 әскери бөлімімен (Петропавл қаласы) бірлесіп ұйымдастырылды. Рота командирінің әскери және әлеуметтік‑құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары Тимур Канатович Акуев оқушыларға Мәскеу маңындағы шайқаста, Курск дугасында, Брест қамалын қорғауда, сондай‑ақ А. Молдагулова, Елеусов Ж., Досмұхамедов А., Булатов Г., Жумагали С., Шәріпов А., Луганский С., Позолотин Т. секілді батырлардың ерліктері туралы баяндады.
#ЕрліккеТағзым
