«Заң және тәртіп»

22 сәуір күні біздің лицейде 6-сынып оқушыларымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Бұл кездесудің басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіру болды. Петропавл қалалық полиция басқармасының ОМПС ОЮП аға инспекторы, полиция капитаны Муканова Динара Ерсаиновна жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы, жазғы демалыс кезінде жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы, жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары жайында айтып берді. Сондай-ақ, Динара Ерсаиновна балалардың сұрақтарына жауап беріп, өмірден алынған нақты мысалдар келтірді. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің дұрыс өмірлік бағдар қалыптастыруына, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге және жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді.

#заңжәнетәртіп #біртұтас_тәрбие