ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы кездері балалардың, әсіресе 2-ден 5 жасқа дейінгі кішкентайлардың терезеден құлап кету жағдайлары жиілеп кетті.

Мұндай қайғылы оқиғаларға көбінесе үлкендердің балаларға дұрыс қарамауы, терезеден құлау қаупі туралы алдын ала түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі, терезелерге торлар, құлыптар/блокираторлар орнатпау сияқты жағдайлар себеп болады.

Лицейіміздің ата-аналарын балалармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз терезе» атты профилактикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Сіздерден келесі шараларды қабылдауларыңызды сұраймыз:Балаңызбен үйде өзін қауіпсіз ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;Терезелерге арнайы құлыптар немесе қауіпсіздік блокираторларын орнату;

Балалар терезе алдына шығып кетпеу үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастау;

Әсіресе ашық терезе жанында баланы қараусыз қалдырмау.

Есіңізде болсын: балаңыздың пәтердегі қауіпсіздігі – бұл ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі!