“Қош келдің, Наурыз!”

18-і наурыз 10 “Б”, “В” сыныптарында Тулебаева С.Д. өткізуімен “Қош келдің, Наурыз!” атты викторина өтті. Оқушыларға шашу шашылды және ас атасы ұлттық тағамымыз бауырсақтан дәм татты, Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады. Сонымен қатар оқушыларға наурыз кезінде жасалатын дәстүрлер мен сыйлықтар туралы және наурыз дәстүрі: «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер» туралы ақпарат айтылды. Оқушыларға шағын сыйлық қол орамал берілді, өздері білетін қазақ халқының дәстүрлері туралы айтып, өз ойларымен бөлісті.