Кәсіптік бағдар беру жұмысы – «Еңбек адамы – елдің тірегі» жұмысшы мамандықтары квадрильясы

2025 жылғы 3 наурызда «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Аймақтық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Бұл шара КМҚК «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» базасында өткізілді.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы айтып берді. Өздерінің кәсіби қызметтерінің бір мысалы ретінде «Радуга» ЖШС қызметкері қысқаша әңгіме жүргізді.

Колледж оқытушылары өз кезегінде оқушыларға мамандықтар тізімін ұсынып, оқуға қабылдау тәртібін түсіндіріп, білім алудың артықшылықтары жайлы баяндады. Іс-шара соңында колледж ғимараттары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

#біртұтас_тәрбие

#Жұмысшы_мамандығы_жылы

#Петропавл