Сынып сағаттары «Мектеп формасы туралы сөйлесейік»

Мектеп формасы – бұл жай ғана киім емес, ол мектеп мәдениетінің бір бөлігі және оның рухы мен құндылықтарын білдіру тәсілі. «Мектеп формасы туралы сөйлесейік» сынып сағаттарында оқушылар мектеп формасының маңыздылығын, оның артықшылықтары мен мүмкін болатын кемшіліктерін талқылады.

Мектеп формасының артықшылықтарына оқушылар: бірлік пен тәртіп сезімін қалыптастыратынын,оқушылар арасындағы әлеуметтік мәртебе айырмашылығын азайтатынын,күнделікті киім таңдауды жеңілдететінін жатқызды.

Кемшіліктері:өзіндік ерекшелікті шектеуі,сапасы төмен материалдардан тігілген жағдайда ыңғайсыз болуы. Сондай-ақ, оқушылар өз пікірлерін білдірді: кейбіреулері мектеп формасы таңғы жиналуды жеңілдететіндіктен ұнайтынын айтты, ал кейбіреулері еркін дресс-код енгізген дұрыс болар еді деп санайды. Қорытындылай келе, ыңғайлылық, эстетика және мектеп талаптарының арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды деген шешімге келді.

#біртұтас_тәрбие