Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – барлығымыздың ортақ назарымызды қажет ететін міндет. Осы мақсатта бүгін біздің лицейдің 9-10 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері қатысты.
СҚО бойынша ҚСжАЕК аға прокуроры лицей оқушыларына Комитеттің ақпараттық жүйелері мен қызметі туралы ақпарат жеткізді. ҚСжАЕК аға прокуроры Д.Д.Сұлтанов оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтып, «цифрлық гигиена», «кибербуллинг», «қажетсіз контент» және «жеке деректер» ұғымдарының маңызын түсіндірді.
Профилактикалық іс-шара аясында Петропавл қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Р.Е.Маликова оқушылармен «Кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттер. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы. Алаяқтық» тақырыбында әңгіме өткізді.
Өткізілген профилактикалық жұмыстың жалпы тәрбиелік мақсаты – нақты өмірде де, цифрлық ортада да өз іс-әрекеттері мен қылықтары үшін жауапты болуға, әлеуметтік желілерді қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ақпараттың шынайылығын сыни тұрғыдан бағалауға тәрбиелеу.
#біртұтас_тәрбие
