Буллинг – бұл тек «балалық ұрыс-керіс» емес, көптеген мектеп оқушыларының бетпе-бет келетін күрделі мәселесі. Қорлау, мазақтау, назардан тыс қалдыру және тіпті физикалық зорлық-зомбылық баланың өмірінде терең із қалдыруы мүмкін. Мектепте буллингтің алдын алу мақсатында жыл бойы біздің лицейде психологтар 1-11 сынып оқушылары арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында түрлі шаралар өткізеді – тренингтер, әңгімелесулер, оның барысында балалар мектептегі немесе әлеуметтік желілердегі буллингтің құрбаны болған жағдайда не істеу керектігі, сондай-ақ буллингтің куәсі болған жағдайда досына немесе сыныптасына қалай көмек көрсетуге болатыны туралы жауаптар алады. Сонымен қатар буллингтің алдын алу шарасы аясында өткен аптада «Әлем менен басталады» акциясы өткізілді – оқушылар мектеп үзілістерінде қызықты ойындарға қатысып, буклеттер арқылы кеңестер алды. Акция барысында буллинг пен әсіресе кибербуллинг мәселесі туралы ақпараттандыру деңгейі артты, сондай-ақ оқушыларға онлайн және офлайн ортада жауапкершілікті және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туды. Іс-шараның соңында оқушыларға оң пікірлерін білдіруге және өзекті тақырып бойынша қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.
#біртұтас_тәрбие



