Кәсіптік бағдар беру жұмысы – жоғары құрылыс-экономикалық колледжі

31 қаңтарда біздің лицейдің 8 және 9 сынып оқушылары үшін Жоғары құрылыс-экономикалық колледж өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Балалар колледжде білім алуға болатын мамандықтар, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар, “Жас маман” бағдарламасына қатысушылар, студенттік өмір туралы білді.

#біртұтас_тәрбие

#Жұмысшылар_мамандығы_жылы

 #Петропавл