«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны – бұл гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған жыл сайынғы жаһандық бастама. Науқан 1991 жылы әйелдердің жаһандық көшбасшылық орталығының қолдауымен басталды. Науқанның мақсаттары: гендерлік зорлық-зомбылықтың ауқымы мен салдары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдау және олардың құқықтарын қорғау, қауымдастықтарды, мемлекеттік құрылымдарды және халықаралық ұйымдарды осы құбылыспен күресуге тарту. Онкүндік кезеңінде мәселе туралы хабардарлықты арттыруға және әртүрлі жыныстағы адамдар арасында құрмет қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Балаларға гендерлік зорлық-зомбылықты қалай тануға және алдын алуға болатындығы, гендерлік зорлық-зомбылық ұғымы, оның формалары, себептері мен салдары, гендерлік зорлық-зомбылық туралы сөйлесудің маңыздылығы және көмек сұрауға болатын жерлер талқыланды. Мұндай сабақтар білім алушыларда бір-біріне құрметпен қарауды және жеке шекараларды сақтаудың маңыздылығын түсінуді қалыптастырады.
#АҚТАУЖОҚ