Осы аптада «ДосболLIKE» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-4 сыныптарда «Біздің мүдделеріміз достықты нығайтады», 5-6 сыныптарда «Сөз — қарым – қатынас негізі», 7-8 сыныптарда «Өз – өзіне сенімділік-сыныптағы табысты қарым-қатынастың кепілі» және жоғары сыныптарда «Тиімді қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында әр адамның өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі – достық мәселесі талқыланды: достық туралы идеялар, оның мәні мен негізгі принциптері, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзара түсіністік пен эмпатия, сынып ұжымында жылы атмосфера құру. Достық тақырыбындағы сынып сағаттары балаларға ізгі ниетті, толеранттылықты және ұзақ мерзімді қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеуге көмектеседі, бұл олардың сәтті әлеуметтік бейімделуінің кепілі болады.
#біртұтас_тәрбие











