Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Бүгін мектебімізде 8-9 сынып оқушыларымен Петропавл қаласы Полиция басқармасының Жедел-криминалдық бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитаны Сүлейманова А.М. және полицияның аға лейтенанты Әшкен А.Е. «Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу», «Алаяқтық» тақырыбында лекция өткізді. Балалармен әңгіме жүргізіліп, кәмелетке толмағандарды «қалташалар» (закладкалар) тарату жұмысына қалай тартатыны және осы әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға алаяқтардың құрбаны – дроппер болмау жолдары бойынша ұсыныстар берілді.

#біртұтас_тәрбие