Декада «Мен үшін тұтас әлем»

Балалар құқықтарын қорғауға, олардың әл-ауқатын жақсартуға және өсіп келе жатқан ұрпаққа теңдік пен гуманизм идеяларын ілгерілетуге арналған маңызы зор күн – Бүкіләлемдік балалар күні жыл сайын 20 қарашада атап өтіледі. Осы мақсатта, 10-21 қараша аралығында лицейімізде «Мен үшін тұтас әлем» декадасы аясында балалардың құқықтары туралы білімдерін қалыптастыру, әрбір баланың еркіндігі мен құқықтарын құрметтеуді дамыту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға және олардың толыққанды дамуына ықпал ететін әлеуметтік және психологиялық орта жақсарту бағытында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылармен «Ең тату сынып» тренингтері, «Өміріңді бағала» атты ашық сұхбат сағаты, «Армандар баспалдағы» жаттығуы, «Күннің аффирмациясы» тапсырмалары, «Балалар құқықтарының әлемі» челленджі, «Өз құқықтарыңды біл» құқықтық ойыны, «Менің өмір сүріп жатқан әлемім» және «Мен сені жақсы көремін, өмір!» атты балалар сурет көрмесі өткізілді. Сонымен қатар, «Көңілді үзілістер» және үстел ойындары, «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы, «Кащейдің құпиясы» атты балалар ертегісін көру, полиция қызметкерлерімен кездесулер және «Чемпионмен бірге жаттығу» іс-шарасына қатысу ұйымдастырылды.

#біртұтас_тәрбие

#Бүкіләлемдік_балалар_күні

#Психологиялық_қолдау_орталығы

#Мен_үшін_тұтас_әлем