14 қараша күні Kozybaev University өкілдері мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының өкілі Мокшин Дмитрий Сергеевич, «Тарих, экономика және құқық» кафедрасының оқытушысы Брызгалова Екатерина Александровна және «Педагогика және психология» кафедрасынан Волчкова Наталья Ильинична қатысты.
Университет өкілдері өз сөздерінде оқу орнының инфрақұрылымы, оқуға түсу тәртібі мен білім алу шарттары туралы айтты. Кездесу өте ақпаратқа толы өтті, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, Kozybaev University-дің қос диплом бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл студенттер үшін ерекше тәжірибе, өз білім деңгейін арттыруға және болашақта жоғары мүмкіндіктерге ие болуға үлкен мүмкіндік.
Оқушыларға ақпарат беру үшін арнайы буклеттер мен презентациялар дайындалды. «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы оқушыларды болашақ білім алу туралы толық түсінік қалыптастыру үшін дәрістерге қатысуға шақырды.
#біртұтас_тәрбие